"Сүйінші, ағайын": Тұрсынбек Қабатовтың қызы қуанышты жаңалығын бөлісті

Бүгін, 17:16 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Белгілі продюсер Мөлдір Мұқанның әпкесі Айгүл Түлкібайқызы әлеуметтік желіде видео жариялап, Әдемінің Дубай қаласындағы британ университетін сәтті тәмамдағанын хабарлады.

Оның айтуынша, Әдемі архитектура мамандығы бойынша бес жыл білім алып, дипломдық жұмысын үздік қорғаған.

"Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызы. Сүйінші!!! Британ Университетінде Дубай қаласында архитектор мамандығына 5 жыл оқып бүгін дипломын үздік қорғады. Еңбекқор, білімді, саналы, оқымысты қызымыз халықаралық үлгідегі мықты маман болып жатыр. Сырт елде, шетелде оқу өте жауапты, кейде қауіпті. Жүйе басқаша, емтиханды, сессияны тапсыруына да ұйқысыз түндер өокізіп дайындалып жүретін. Дипломдық жұмысын да жазып жатқанда, бөлек әлем болып кетеді өзә, тек білімге кірісіп, біздерді танымай қалады, өте жауапкершілікпен қарайды. Мамасын қолдай жүріп, сабағын да реттеп жүрген пысық қыз. Алла жар болсын өзіңе", – деп жазды ол.

Тэгтер:

тұрсынбек қабатов