Белсенді әлеуметтік желідегі жазбасы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Бүгін, 09:51 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Алматы қаласы Алмалы аудандық соты заңгер және «Elge Qaitaru» қорының жетекшісі Оразалы Ержановқа қатысты үкім шығарды. Ол сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіру бабы бойынша айыпты деп танылып, төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бас бостандығын шектеуден бөлек, Ержановқа бес жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Жарыссөз кезінде прокурор дәл осындай жазаны сұраған болатын.

«Біз сот үкімімен келіспейміз және апелляциялық шағым түсіреміз», - деді белсенді сот отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, белсенді ақпан айының соңында ұсталған еді. Алдымен оның үйінде тінту жүргізіліп, кейін ол 10 тәулікке қамауға алынды. Соңынан оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған болатын.

Тэгтер:

сот әлеуметтік желі Оразалы Ержанов