Хабаровск тұрғыны, тегі Гроб есімді ер адам «қылмыстық туризмнің» өзінше бір «идеалды» жоспарын ойлап тапқан. Ол Тайланд астанасынан Вьетнамға ешқандай затсыз ұшып келіп, әуежайдан шығуға асықпаған. Керісінше, басқа рейстерден келген багаждар таспаға түскенін күтіп отырған. Сөйтіп, иесіз қалған фирмалық сөмкелерді «олжалай салып», қайтадан Тайландқа ұшып кететін болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Baza телеграм арнасының мәліметінше, ол қымбат брендті чемодандарды нысанаға алған оның әрекеті өз «жемісін» берген. Ұрының қолына туристердің киім-кешектері ғана емес, алтын әшекейлері, қымбат электроникасы мен қолма-қол ақшасы түскен. Алайда, Гроб бір нәрсені ескермеді: ол әр жолы бір әуежайға ұшып келіп жүрген. Нәтижесінде, Аустралия мен Тайвань туристерінен багаждарының жоғалғаны туралы түскен арыз-шағымдардан кейін, кезекті рет Вьетнамға келген кезінде полиция оны қолға түсірді.
Гроб өз кінәсін толық мойындап, бұған дейін тағы екі чемодан мен әйелдердің фирмалық сөмкесін ұрлағанын жайып салды.