Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтің бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі кезекті жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Ол бұрынғы күйеуінің туыстарына қатысты ренішін ашық айтып, отбасындағы жанжал мен материалдық мәселелер туралы жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Гүлайымның сөзінше, ажырасу процесі кезінде Шавкаттың отбасы қайын сіңлісіне той жасап, үй мен көлік алып берген. Қаражаттың бәрі спортшының қалтасынан төленіпті.
"Маған қарағанда күйеу баланың бағы жанып тұр”, - деді Гүлайым Рахмонова.
Сонымен қатар, Рахмонова әлеуметтік желі қолданушыларынан жаңа туған сәбиіне қатысты сұрақ қоймауды сұрады. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі жаңа туған баласынан бас тартқан. Соған қарамастан, Гүлайым босанудың сәтті өткенін айтып, сәбиімен аман-есен үйіне оралғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, соңғы айларда Шавкат Рахмоновтың отбасы қоғам назарында жүр. Бұған дейін Гүлайым Рахмонова ауқымды сұхбат беріп, ажырасудың жай-жапсарын айтқан еді.