АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры Тулси Габбард отставкаға кететінін мәлімдеді. Fox News дереккөзінің хабарлауынша, бұған саясаткердің жұбайы Авраам Уильямстың ауыр сырқаты себеп болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Габбард өзінің жарына «сүйек обырының өте сирек кездесетін түрі» диагнозы қойылғанын және оны емдеу кезеңінде қасында болу үшін осындай шешім қабылдағанын жеткізді.
Кеше Ақ үйде өткен кездесуде Тулси Габбард президент Дональд Трампқа отставка туралы ресми өтінішін тапсырды. Ол өз кезегінде Мемлекет басшысына Ұлттық барлау басқармасын басқару мүмкіндігін бергені үшін алғыс білдірді. Габбардтың бұл қызметтегі соңғы жұмыс күні – 30 маусым.
Айта кетейік, Тулси Габбард бұған дейін Демократиялық партия қатарында болған, Гавайи штатынан АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі ретінде қызмет атқарған. 2022 жылы партиялық бағытпен келіспей, демократтар қатарынан шығып, кейінірек Дональд Трампты қолдауға шешім қабылдаған болатын.