АҚШ әкімшілігі, соның ішінде Пентагон мен барлау қауымдастығының өкілдері алдағы үш күн ішінде Иранға қарсы соққыларды қайта бастау мүмкіндігіне дайындалып жатыр. Бұл туралы CBS телекомпаниясы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Мәліметтерге сәйкес, америкалық әскерилер мен барлау қызметкерлерінің бір бөлігі 2026 жылғы 25 мамырда АҚШ-та атап өтілетін Еске алу күніне байланысты үш күндік демалыс жоспарларын болжамды соққылар қаупіне байланысты тоқтатқан.
Сонымен қатар, Пентагон мен барлау құрылымдарының өкілдері шетелдегі американдық нысандардағы жеке құрам тізімін жаңарта бастады. Бұл АҚШ-тың Таяу Шығыстағы қатысуын қысқартуымен және Иран тарапынан болуы мүмкін жауап қайтару әрекеттерінен қауіптенумен байланысты.
Телекомпания жұма күнгі кешкі жағдай бойынша жаңа соққылар жасау туралы түпкілікті шешім қабылданбағанын баса айтады.
Бұған дейін Axios порталы АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөздердің барысына көңілі толмай, Иранға соққы беруді қайта бастауға бейім екенін хабарлаған болатын. Дереккөздердің айтуынша, мемлекет басшысына келіссөздер процесінің жай-күйі және олар сәтсіз аяқталған жағдайдағы ықтимал сценарийлер туралы баяндалған.