Шілдеде өтетін жарыстың «гонорарын» алған: Еркебұлан Тоқтар оқырманына не үшін 50 мың доллар бере салды?

Бүгін, 14:32 / Альфия Адамбек
Фото: Arasha.kz

Қазақстандық актер, блогер және аралас жекпе-жек (ММА) шебері Еркебұлан Тоқтар оқырманының арманын орындады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Еркебұлан Тоқтардың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Жасқанат есімді жігіттің анасының еміне 50 мың доллар (шамамен 24 млн теңге) қаражат керек болған. Оның анасына қант қатерлі ісігі диагнозы қойылыпты. 

Жасқанат елден жылу жию мақсатында желіде видео жариялаған. 

«Оған көптік миелома диагнозы қойылды — бұл қан қатерлі ісігі. Түркиядағы клиника анамды емдеуге қабылдауға және оған өмір сүруге мүмкіндік беруге дайын. Бірақ бұл мүмкіндік біздің отбасы үшін тым қымбат. Ал уақыт болса тоқтаусыз өтіп жатыр», - деп жазған ол. 

Видео пікіріне Еркебұлан Тоқтар қаражатты толық өзі беретінін жазды. Ең қызығы, ол бұл қаражатты шілде айында болатын күресінің ақысынан алдын ала алған болып шықты. 

Тэгтер:

қайырымдылық қаражат күрес Еркебұлан Тоқтар