2026 жылы 23 мамырда Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ауқымды қалалық іс-шара белсенді өмір салтын ұстанатын, спортпен айналысатын және кешкі велосеруенді ұнататын тұрғындардың басын қоспақ.
Велошерудің басталуы сағат 22:00-де Астана алаңында өтеді. Қатысушылар Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы – Тимирязев көшесі (Алматы қаласы әкімдігі ғимараты маңы) – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі бағыты бойынша жүріп өтеді.
Іс-шараға 3000-ға дейін адам қатыспақ.
Велошеруге байланысты қалада көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.