Атыраудағы трагедия: Ақбаян тергеушіге не айтқаны белгілі болды

Бүгін, 16:03 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желіден

Атырауда бүтін бір отбасыны өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот жуырда ғана басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
 

Қылмыстық істі тергеген Атырау облысы полиция департаменті тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Темірхан Қажымұратов Kursivmedia.kz журналистіне сұхбат берген. 

Оның айтуынша, жалпы 40-тан аса адамнан жауап алынған. Ішінде ағайын-туыс, көршілері де бар.

Тергеушінің сөзінше, елге жеткізілген соң Ақбаянды медициналық ұйымға орналастыру туралы шешім қабылданған.

«Күдікті деп танудың басты мақсаты – қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау. Тексеру барысында қылмысқа қатысы жоғы анықталды. Сол себепті Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды», – дейді Темірхан Қажымұратов.

Алматыға жеткізілген кезде Сәрсемәлиев қылмыс жасағанын бірден мойындаған. Ал Ақбаян Мұқанғалиева сұраққа жауап бере алмаған.

«Мұқанғалиевамен сөйлесу барысында психикалық ауытқу бар екені байқалды. Сол себепті тергеу әрекетін өткізуге мүмкіндік болмады. Сұраққа толыққанды жауап бере алмады», – дейді тергеуші.

Тэгтер:

атырау отбасы күйеу бала трагедия