Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін, 08:17 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

«Қазгидромет» РМК бүгін, дүйсенбі күніне арналған дауылды ескерту жариялады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты аймақтар бойынша негізгі мәліметтер:

Жетісу облысы: Алакөл маңында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңірдің басым бөлігінде жоғары, ал шығысында төтенше өрт қаупі сақталады (Талдықорғанда – жоғары).

Алматы облысы: Солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысы: Өңірде өрт қаупі жоғары, ал шығыс, оңтүстік және орталық бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады (Жезқазғанда – төтенше).

Қарағанды облысы: Шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары (Қарағандыда – төтенше).

Түркістан облысы: Оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Қызылорда облысы: Күндіз орталығында шаңды дауыл көтеріледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Өңірде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде (Қызылордада – төтенше).

Жамбыл облысы: Таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және тұман түседі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысы: Солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысында тұман түседі. Жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда жел күшейеді.

Павлодар облысы: Түнде шығысында 1 градусқа дейін үсік жүреді. Шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысы: Түнде шығысында 2 градусқа дейін үсік болады. Шығысында төтенше, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысы: Түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Солтүстік пен шығыста 2 градусқа дейін үсік болады.

Ақмола облысы: Батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда жаңбыр күтіледі.

Маңғыстау облысы: Батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде. Ақтауда да жаңбыр жауады.

Астана: Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Атырау облысы: Өңірде өрт қаупі жоғары және төтенше (Атырауда – төтенше).

Батыс Қазақстан облысы: Өңірде өрт қаупі жоғары (Оралда – жоғары).

Қостанай облысы: Күндіз шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары.

Тэгтер:

ауа райы жаңбыр дауыл жел үсік