Астанада балалар ауруханасынан өрт шықты (ВИДЕО)

Бүгін, 10:44 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Астанада өткен түні балалар ауруханасында өрт шықты. Құтқарушылар оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға елорданың Сарайшық ауданында, Қошқарбаев көшесінде орналасқан балалар ауруханасында болған. Ғимараттың жертөле қабатындағы электр қалқанында өрт шыққан.

"Хабарлама түскеннен кейін екі минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, дереу өртті сөндіруге кірісті. Қауіпсіздік мақсатында қызметкерлер мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы басқа медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды. Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды", – деп хабарлады ТЖМ.

Өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Тэгтер:

Астана