Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Бүгін, 11:30 / Қайсар Қалам
Сурет: Кремль сайтынан

27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар аясында екі ел басшылары келіссөздер жүргізеді. Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйі және оны одан әрі нығайтудың келешегі талқыланбақ.

Сондай-ақ, жоғары деңгейдегі сапар аясында еуразиялық интеграцияға бағытталған маңызды іс-шаралар жоспарланған:

28 мамыр: Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамыр: Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Тараптар экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және аймақтық интеграцияны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударатын болады.

Тэгтер:

Путин Астана тоқаев