МӘМС жарнасын төлемегендерге бақылау күшейтілді

Бүгін, 11:45 / Қайсар Қалам
Сурет: ЖИ

Түркістан облысында МӘМС жүйесімен қамтылғандар саны артып келеді. 2026 жылғы мамырдағы мәлімет бойынша өңірде 2 млн-нан астам тұрғын медициналық ұйымдарға тіркелген. Оның 85,7 пайызы сақтандырылған болса, 298 мыңнан астам адам әлі де жүйеден тыс қалып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда сақтандырылмаған азаматтар саны 92 мыңнан астам адамға азайған.

Сонымен қатар, МӘМС жарналарын уақытылы төлемегендерге бақылау күшейтілді. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сәйкес, Түркістан облысында 33 818 азаматқа өсімпұл есептеліп, оның жалпы сомасы 247,9 млн теңгеге жеткен. Бұдан бөлек, жарналарды тұрақты төлемеген 21 609 салық төлеушіге камералдық бақылау хабарламалары жолданған.

Қор мамандары МӘМС мәртебесін сақтау үшін жарналарды үздіксіз әрі уақытылы төлеу қажет екенін ескертті.

Тэгтер:

бақылау төлем МӘМС жарна