Биыл оқу жылын бітірушілер саны бойынша 25 жылдағы ең жоғарғы рекорд орнады

Бүгін, 13:44 / Қайсар Қалам
Сурет: Алматы әкімдігі

Биыл еліміз бойынша оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы тәмамдауда. Бұл - соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оқушылар саны ең көп өңірлер қатарында Түркістан және Алматы облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы көш бастап тұр.

"Биыл еліміз бойынша оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы тәмамдауда. Бұл - соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш",- деп хабарлады бюро. 

Айта кетсек, биыл еліміз бойынша 215 мыңдай түлек мектеп бітіріп жатыр.