Ақтөбеде жасөспірім қаңырап бос жатқан аумақтан пакетке оралған жаңа туған сәбиді тауып алды. Оқиға Жилгородок шағынауданында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Нәресте ағаштардың арасында жатқан. Оны байқаған жасөспірім дереу көмек шақырып, сәби аман алып қалынды. Дәрігерлер баланы шұғыл түрде қалалық балалар ауруханасына жеткізген, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.
Ақ халаттылардың мәліметінше, ұл бала 2,9 келі салмақпен дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында жатыр. Жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Әзірге нәрестенің анасы анықталған жоқ. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, босану медициналық мекемеден тыс жерде, үй жағдайында өткен болуы мүмкін.