Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 12:34 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 26 мамыр күні Астана уақытымен сағат 11:28-де ҚР ТЖМ «Ұлттық ғылыми сейсмологиялық зерттеулер орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым қашықтықта, Павлодар облысы аумағында орналасқан.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендіктің 50.47 градусы және шығыс бойлығының 76.47 градусы. Жер сілкінісінің тереңдігі 30 шақырым болған. Энергетикалық класы – 10,7.

MSK-64 шкаласы бойынша есептелген қарқындылық Баянауыл ауданындағы Баянауыл ауылында 2 баллды құраған. Аталған елді мекен эпицентрден 47 шақырым жерде орналасқан.

Тэгтер:

ТЖМ жер сілкінісі сейсмология