Степногорскіде пышақ ұстаған әйел сатушыға шабуыл жасады (Видео)

Бүгін, 14:25 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Қаладағы сауда орталықтарының бірінде клиент әйел сатушымен жанжалдасып, оған пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрлардан әйелдің дүкенге кіріп, сөмкесінен пышақ шығарып алғанын, содан кейін оны сілтеп, дүкен қызметкеріне айқайлай бастағанын көруге болады. Зәресі ұшқан сатушы жансауғалап, сөренің үстінен секіріп өткен.

Оқиға куәгерлері дереу күзетшілерді шақыра бастаса, келушілердің бірі ашуға мінген әйелді сабырға шақыруға тырысқан. Абырой болғанша, ешкім ауыр жарақат алмады.

Ақмола облыстық Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті анықталып, медициналық мекемеге орналастырылды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Тэгтер:

шабуыл пышақ әйел дүкен Степногорск