Астанада белгісіз бойжеткендер қазақтың көрнекті жазушыларына арналған ескерткішті қорлап, жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода қыздардың мүсіннің басына шығып алып, әдепсіз әрекет жасағаны көрінеді.
«Қаламгерлер аллеясында демалып отыр едім. Кенеттен мынадай келеңсіз іске куәгер болдым. Ашу қысып қасына жетіп барып «бұл тұлғалардың кім екенін білесіңдер ме?» десем,көздері адырайып,Что,что деуден ары аспайды. Бұл басыну ма әлде надандық па», - деп жазды қоғам белсендісі Дүйсенәлі Әлімақын.
Оқиға қоғам арасында қызу талқыға түсіп, көпшілік ұлттық құндылықтар мен тарихи тұлғаларға деген құрметтің азайып бара жатқанын сынға алды. Желі қолданушылары мұндай әрекетке заң аясында шара қолдануды талап етуде.