Түлектер гүлдерін жаппай OLX-та арзан бағаға сатып жатыр

Бүгін, 19:08 / Альфия Адамбек
Фото: Arasha.kz

25 мамырдан кейін түлектер гүлдерін OLX-та арзан бағаға сатып жатыр. Желідегідер бұл жағдайды қызу талқылауда, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мектеп түлектерінің мерекеде алған қымбат гүл шоқтарын енді интернет арқылы арзан бағаға сатып жатыр.

Instagram, TikTok және басқа да платформаларда қолданушылар түлектердің гүл шоқтарын қайта сатуға шығарып жатқанын көрсететін скриншоттар мен хабарландыруларды жариялауда. Гүлдер онлайн жарнама платформа – OLX арқылы сатылуда.

Жарнамаларда «арзанға сатамын» деген сипаттағы жазбалар да бар. Бағалары бастапқы мерекелік құнынан әлдеқайда төмен.

Сатылымға қойылған гүлдердің басым бөлігі мереке күні алынған қымбат букеттер екені байқалады. 

Тэгтер:

оқушы жастар Түлек гүл