Әзілкештің жары тағы жүкті екенін айтып, елден оңбай сөз естіді

Бүгін, 09:37 / Альфия Адамбек

Әзілкеш әрі тележүргізуші Ғалым Махамбеттің 8-баласы дүниеге келеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жайдарманшының жары Әсия Тәңірбергенқызы әлеуметтік желідегі парақшасында аяғы ауыр екенін жариялады. Желі қолданушылары таңданысын білдіріп, түрлі пікірлер жазды.

“Өмірімен берсін”, “Аман-есен туылсын”, “Ғұмырлы болсын”, “Ұрпағы көбейсін”, деп ақжарма тілектерін жаудырды.

Ал бір топ желідегілер әзілкеш пен жарына әзілдеп “Демалмайды екенсіңдер”, “Денсаулық керек емес пе?”, “Балалардың көңіл-күйі жоқ”, “Сендерге дауа жоқ екен” деп жарыса жазды. 

Тэгтер:

отбасы жүкті әзілкеш Ғалым Махамбет