Бейімбет Майлинді «қорлаған» бойжеткен неге кешірім сұрамады?

Бүгін, 12:34 / Альфия Адамбек
Фото: Arasha.kz

Астанада полиция “Қаламгерлер аллеясында” орналасқан Бейімбет Майлин ескерткішіне құрметсіздік көрсеткен бойжеткеннің жеке басын анықтады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері қызды анықтап, оны “Байқоңыр” аудандық полиция басқармасына жеткізді. Ол ұсақ бұзақылық бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.

Құзырлы орган өкілдері мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертіп, тарихи-мәдени мұра нысандарына ұқыппен қарауға шақырды. Сондай-ақ ескерткіштерді қасақана бүлдіру немесе қорлау заң аясында, тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені еске салынды.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған видеода 18 жастағы Астана тұрғыны ескерткішке шығып, фотосессия жасағанын хабарлаған едік. Бұл әрекет қоғам тарапынан сынға ұшырап, мәдени нысанға деген құрметсіздік ретінде бағаланған.

Тэгтер:

заң Бейімбет Майлин жаза бойжеткен