Заңның қатаң жазасына дайынмын: Әл-Фарабидегі резонанстық апат бойынша сот басталды

Бүгін, 16:30 / Қайсар Қалам
Сурет: HALYQSTAN

«Мен сіздерге қандай қайғы әкелгенімді түсінемін. Мен заңның ең қатаң шарасы бойынша жауапкершілік арқалауға дайынмын», - деді Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасында үш адамның өліміне айыпты Александр Пак сот отырысында, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта үш адамның өмірін қиған резонанстық жол апаты бойынша сот процесі басталды.

Айыпталушылар орындығында 32 жастағы бизнесмен, 1993 жылы туған, жоғары білімді, үш кәмелетке толмаған баланың әкесі Александр Пак отыр, деп жазды Halyqstan  телеграм арнасы.

Ол алқабилер сотынан бас тартты.

Пак көзіне жас алып, жәбірленушілерден кешірім сұрады.

Айыпталушының адвокаты фото және видео түсірілімге тыйым салу туралы өтініш білдірді. Ол мұның Пактың кәмелетке толмаған балаларына психологиялық тұрғыдан әсер етуі мүмкін екенін алға тартты.

Өз кезегінде жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов бұл мәселені соттың қарауына қалдыратынын жеткізді.

Судья тікелей эфирде көрсетуге ғана тыйым салды, ал фото және видео түсірілімге қатысты шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

Тэгтер:

сот жол апаты Әл-Фараби даңғылы Александр Пак