Түркістан облысында ер адамның мәйіті табылып, адам өлтіру дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Stan.kz мәліметінше, Оқиға Төлеби ауданына қарасты Ленгір қаласында болған. 24 мамыр күні қала аумағындағы тастанды ғимараттардың бірінен жасы 20-дан асқан ер адамның денесі табылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм Шымкент қаласының тұрғыны. Қылмысқа қатысты күдікке 9-сыныпты аяқтаған жасөспірім қыз ілінгені айтылуда. Ол Төлеби ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектептің оқушысы екені белгілі болды.
Аталған ақпаратты аудандық білім бөлімі растаған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Түркістан облыстық полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.