Астанада Орталық Азия мемлекеттерінің бірінің алты азаматы адам ұрлау және өз бетінше билік ету ісі бойынша сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданара алды соттың үкімімен бесеуі алдын ала сөз байласу арқылы, пайдакүнемдік ниетпен адам ұрлағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айрылды. Алтылықтың тағы бір мүшесі адам ұрлауға сыбайластық жасағаны және өз бетінше билік еткені үшін жеті жыл алты айға сотталды», - делінген жұма күні таратылған хабарламада.
Прокуратураның мәліметінше, 2024 жылғы 9 желтоқсанда топ мүшелерінің бірі орындалмаған қызмет үшін ақша талап етіп, жәбірленушіге күш көрсеткен және оны 80 мың теңге аударуға мәжбүрлеген.
Кейінірек қылмыстық топ мүшелері алдын ала сөз байласу арқылы Астана аумағында жәбірленушіні күш қолдану жолымен, пайдакүнемдік мақсатта ұрлап кеткен.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтарды ұсынғаны атап өтілді.