Роза Рымбаева Маржан Арапбаеваның «кемшілігін» жайып салды

Бүгін, 10:11 / Альфия Адамбек
Фото: Видеодан кадр

Роза Рымбаева Маржан Арапбаева екеуінің бойы кішкентай болса да, ешкімнен қалыспай келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Видеоны Маржан Арапбаева әлеуметтік желіге жүктеді. Ол Роза Рымбаевамен бір сахнада ән айту —  орындалған арманы екенін жазды. Видеода Роза Рымбаева Маржан Арапбаеваға «бойымыз кішкентай болса да, үлкен әншілерден еш қалмаймыз. Үнемі бірге қос-аққудай кішкентай болып тыпырлап жүреміз» деп әзілдеді. 

«Сыйлаған сыйлығыңызды өзіңізден қалған естелік ретінде сақтаймын. Ал айтқан жылы сөздеріңіз мені алдағы уақытта шабыттандырып, қанаттандыратын болады!», - деді Маржан Арапбаева. 

Тэгтер:

әнші өнер Роза Рымбаева Маржан Арапбаева