Жамбыл облысында СОБР қызметкері өз-өзін атып тастады

Бүгін, 10:56 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сүйенсек, инспектор Қордай аудандық полиция бөлімінің ғимаратында табельдік қаруымен өз-өзіне оқ атқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиғадан кейін ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу немесе өз-өзіне қол жұмсауға жәрдемдесу» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады. Сондай-ақ, қызметтік тексеру тағайындалды.

Тэгтер:

полиция суицид оқ атты СОБР