Қазақстан мен Қытай көлік тасымалына квотаны толығымен жойды

Бүгін, 14:15 / Қайсар Қалам
Сурет: Chery Uzbekistan

Қазақстан мен Қытай автомобиль тасымалы үшін рұқсатнамаларды шектеусіз алмасу жүйесіне көшеді. Бұл туралы Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай халықаралық автомобиль тасымалы жөніндегі бірлескен комитеттің отырысында келісілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Кездесу қорытындысы бойынша осыжылдың соңына дейін сандық квоталарды белгілемей, шетелдік рұқсатнама бланкілерімен шектеусіз алмасу форматына көшу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, «Нұр жолы» өткізу пунктінің өткізу қабілетін қазақстандық және қытайлық тараптан арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды», – деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар халықаралық автомобиль қатынасын дамыту және жолаушылар тасымалының бағыттық желілері туралы мәселелерді талқылады. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін ақылы автомобиль жолдарында WeChat Pay төлем сервисін қолдана отырып, жол ақысын төлеу функционалын енгізу жоспарлануда.

Тэгтер:

Қытай квота көлік