Әлеуметтік желіде жас қыздың қатарласын пәтер ішінде қатігездікпен ұрып-соққан видеосы тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиғаның Атырауда болғаны белгілі болды.
Полиция мәліметінше, жағдай 13 сәуір күні тіркелген. Оқиғаға қатысы бар 4 күдікті анықталып, олардың барлығы жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ 16 жастағы жасөспірімге қатысты жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия қарауына жолданған.