Түркістан облысында әкімдер жергілікті компанияғы шүйлікті

Бүгін, 17:17 / Альфия Адамбек
Фото: Видеодан кадр

«Рауан» компаниясы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылында 25 жылдан бері минералды су өндіреді. Өнім бүкіл Қазақстан мен шетелге тасымалданады. Компания қызметкерлері соңғы уақытта  әкімдік тарапынан қысымға ұшырағанын айтып, Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Компания соңғы 5 жылда мемлекет қазынасына 2 млрд 150 млн теңге салық төлеген. Ал осы жылы 1 млрд 200 млн теңге инвестиция салған. 

«Бүгінгі таңда Сарыағашта 30-жан аса ұңғыма бар. Алайда ұңғыманың келісімшарт мерзімі аяқталғандықтан белгілі бір топ 8 айдан бері қысым көрсетуде. 25 жыл көрмегенді соңғы айларда көріп жатырмыз», - дейді олар. 

Қызметкердің айтуынша, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кәсіби сараптама қорытындысына негізделмей Су ресурстары және ирригация минисрлігіне хат жолдап, компанияға ұңғыманың мерзімін созуға рұқсат бермеуді сұраған. Ал Дербісек ауыл әкімі Оңтүстік Жарық Транзит  компаниясына хат жолдаған. Ол «Рауан» компаниясына электр қуатын жүргізуге рұсат бермеуді өтінген.  

«Ұйымдасқан топ біздің атымызға 575 арыз түсірді» дейді маман. Қызмеркерлер Тоқаевтан араша сұрайды.

«Өз жолдауларыңызда сіз отандық өндірушілерді қорғауды бірнеше рет тапсырдыңыз және кәсіпкерлікке жасалған кез келген қысымды заңсыз деп бағалау керектігін атап өттіңіз. Әділетті Қазақстанда 25 жылдық адал еңбектің аяққа тапталуына және отандық өндірістің жойылуына жол берілмейді деп сенемін», - деп жазды компания. 

Тэгтер:

қысым Түркістан Облыс Рауан компания