Ақбаянның дені сау ма? Сараптама нәтижесі шықты

Бүгін, 18:58 / Альфия Адамбек
Фото: Arasha.kz

Атыраудағы атышулы іс бойынша Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психолого-психиатриялық сараптаманың алғашқы нәтижелері белгілі болды. Мамандар оның психикалық жағдайына нақты баға беру үшін қосымша бақылау мен қосымша диагностика қажет екенін айтқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сараптама қорытындысында Ақбаянның психикалық жағдайына қатысты түпкілікті шешім әлі шығарылмаған. Дәрігерлер оның жағдайын толық анықтау үшін қосымша тексеру жүргізу қажет деген қорытындыға келген.  

Бұған дейін Ақбаян Мұқанғалиева Алматыдағы сот сараптамасы институтына стационарлық кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптамадан өту үшін жіберілген болатын. Кейін оның Атырауға қайта жеткізіліп, облыстық психиатриялық орталықта бақылауда екені хабарланды.  

Сонымен қатар Атырау облысы прокуратурасының өкілдері Ақбаян Мұқанғалиеваның өз туыстарының өліміне тікелей қатысы анықталмағанын мәлімдеді. Осыған байланысты оған қатысты адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылған. Алайда “қылмыс туралы хабарламау” дерегі бойынша бөлек іс қаралып жатыр.  

Тэгтер:

қылмыс сот атырау Ақбаян