Үйге «хозяйка» керек деген Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі елдің сынына қалды

Бүгін, 09:53 / Альфия Адамбек
Фото: ашық дереккөз

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев үйіне келмегеніне жарты айдан асқанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ауласын көрсетті. 

«Үйге келмегеніме 2 апта болды. Тіпті 17 күн болған ғой. Шөп өсіп кетіпті. 4 алма ағашы биыл молынан салды», - деді ол. 

Дархан Мұсаев видеоға «Үйге бір хозяйка керек сияқты ма?» деп жазыпты. 

Алайда желідегілерге бұл сөзі ұнамай қалған секілді.

Олар: 

«Сол хозяйкаға шөп жұлдырып қояйын дедің бе?», «Үйге хозяйка емес, мініп алар есек керек десеңізші», «Әйел керек пе? Қызметші ме?» «Дворник керек» деп жазды. 

Тэгтер:

актер Дариға Бадықова күйеу акриса