Астанада жапсарлас тұрған үш үй өртеніп жатыр

Бүгін, 10:54 / Қайсар Қалам
Сурет: ТЖД

Астанада бірден үш іргелес тұрған үй өртеніп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz  Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қаласы Байқоңыр ауданындағы Толстой көшесінде қатар орналасқан үш жеке тұрғын үйден өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттардың шатырлары толығымен отқа оранған. Ашық жалын байқалып, өрт өршіп кеткен», - делінген жексенбідегі хабарламада.

Судың үздіксіз берілуі ұйымдастырылып, өртті сөндіруге су ағызатын құралдар (стволдар) бағытталғаны атап өтілді.

«Өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтіннің салдарынан қиындап жатыр. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ», - деп қосты ТЖМ.

Тэгтер:

Астана өрт үй ТЖД