Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушыны тасымалдады

Бүгін, 14:53 / Қайсар Қалам
Сурет: әкімнің фейсбуктегі парақшасынан

Астанадағы қалалық жеңіл рельсті көлік жүйесі LRT Астана іске қосылған алғашқы екі аптада-ақ жоғары сұранысқа ие болғаны байқалды. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі жазбасында жобаға қатысты жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әкімнің айтуынша, қысқа уақыт ішінде LRT-мен 1 миллионға жуық жолаушы қатынаған. Күнделікті орташа көрсеткіш 65–75 мың адамды құрайды. Бұл дерек жаңа көлік түрінің елорда тұрғындары мен қонақтары арасында тез танымал болғанын көрсетеді.

Жеңіс Қасымбек жолаушыларға жаңа жүйені белсенді пайдаланғаны және қалалық инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар LRT жобасын кеңейту жұмыстары да басталғаны хабарланды. Қосшы бағыты бойынша екінші кезеңді іске асыру жоспарланып отыр. Бұл қадам көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және елорда маңындағы қатынасты жақсартуға мүмкіндік бермек.

Тэгтер:

Астана әкім Жеңіс Қасымбек LRT