Тоқаев кездескен Джон Лидің күндік табысы қанша?

Бүгін, 20:33 / Arasha.kz
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Мемлекет басшысы Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Қытай Халық Республикасы Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Қазақстанға алғаш рет келіп отырғандықтан бұл сапардың маңызы айрықша екенін айтты.

– Бұл уақиға Қазақстан мен Гонконг, кеңінен алып қарағанда, мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестік байланыстыратын Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Елдеріміздің арасында жоғары деңгейдегі саяси диалог орнаған, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастық қарқынды дамып келеді. Гонконгпен қарым-қатынасымыз туралы да дәл осылай айтуға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал жалпы Мемлекет басшысы қабылдаған Джон Ли кім, және оның табысы қанша? Біз әртүрлі дереккөздерін қарап шықтық. Алдымыздан шыққан wageindicator.org сайтында саясаткер туралы қызық дерекке тап болдық.

Аталған сайтта Джон Ли туралы деректермен қоса дәл қазіргі уақытта, күнделікті, аптасына, айына және жылына қанша табыс табатыны туралы цифрлар көрсетілген.

Сурет дереккөзі: wageindicator.org

Сайтты ашып отырған кезде саясаткердің табысы секунд санап 10 теңгеге көбейіп жатқанын көруге болады. Әрине, бұл сайтқа толық сенуге болмайды, алайда аталған сайт дереккөз деп бірнеше сайттарды көрсеткен. Атап айтқанда: The Standard, Express.co.uk, SCMP, HumanResourcesOnline, HongKongFp, Wikipedia. 

Тэгтер:

тоқаев жалақы Гонконг айлық табыс Мемлекет басшысы Джон Ли