Бүгін Қазақстанның үш мегаполисінде де жаңбыр күтіледі

Бүгін, 08:32 / Ахмет Қанатұлы
pexels.com

2 маусым күні Қазақстанның үш мегаполисінде де өткінші жаңбыр күтіледі. Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райына қатысты болжам OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, Алматыда бүгін өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтерілсе, түнде 21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 7,2 м/с шамасында болады.

Астанада да күн райы құбылмалы болады. Елордада өткінші жаңбыр жауып, күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін жетеді. Түнде 15 градусқа дейін салқындайды. Желдің жылдамдығы 5,9 м/с болады деп болжанып отыр.

Шымкентте де бүгін өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Қалада күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,7 м/с шамасында болады.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райы болжамын ескеріп, далаға шыққанда қолшатыр алып жүруге кеңес береді.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы 2 маусым