Неліктен депутат шаруашылық директорының қауіпсіздік белдігін тақпағанын ескертпеген?

Бүгін, 10:34 / Альфия Адамбек
Коллаж: Arasha.kz

Мәжілісінің VIII сайланым депутаты, журналист Сергей Пономарёв «Шахтер» шаруашылығы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Депутат 40 жылдан бері үздіксіз Георгий Прокоп басқарып келе жатқан шаруашылық туралы репортаж жүргізген. 

«Тағы қай жерде механизаторлар айына бір жарым миллион теңгеге дейін жалақы алады, шаруашылықтың өз хоккей корты мен тіпті бассейні бар?», - деп жазды депутат. 

Депутат бассейннің не үшін керегін сұрады.

«Мұның бәрі адамдар үшін жасалады. Әсіресе қыс мезгілінде, жұмыстан қолы босаған кезде тұрғындардың бос уақытын сапалы өткізуіне мүмкіндік беру үшін», - деп жауап берді Георгий Прокоп. 

Видеода депутат 700 тонна картопты да көрсетті. 

«Бізде осындай шаруашылықтардың бары қуантады», - деді ол. 

Депутат шаруашылық басшысынан жастарды жұмысқа алу мәселесін сұрады. 

«Негізінен жастарды өзімізге қажетті мамандықтарға бағыттаймыз. Оқуға жібереміз, олар кейін қайта оралады. Елге келген соң 2 миллион теңге көлемінде көтермеақы алады, пәтер беріледі және жас маман ретінде қосымша жеңілдіктерге ие болады. Қазіргі таңда бас экономист қызметінен басқа бос орын жоқ. Келесі жылы картоп егілетін алқапты тағы 250 гектарға ұлғайтамыз. Сонда қосымша адамдар аламыз, бірақ артық қызметкер жинамаймыз», - деп жауап берші шаруашылық басшысы. 

Әңгіме барысы Георгий Прокоп көлік жүргізіп бара жатқанда өрбиді. Оның көлік ішінде қауіпсіздік белдігін тақпағанын анық байқауға болады. 

Тэгтер:

депутат шахтер басшы шаруашылық