«Памперсті неге бүлдіресің?»: Семейде күтуші 91 жастағы әжені қорлаған

Бүгін, 16:40 / Альфия Адамбек
Фото: Видеодан кадр

Абай облысында 91 жастағы қарияға күтуші әйелдің қорлық көрсеткені туралы ақпарат қоғамда қызу талқылануда, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға Семей қаласында болған.

Әжейдің немересі әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, күтушінің әрекетіне шағымданған.

Абай облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлады. Тексеру барысында күтуші әйел полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оның әрекеттерінен басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қасақана қорлау белгілері анықталған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы зерделеніп жатыр. Полиция бұл істің бақылауда екенін мәлімдеді.

Тэгтер:

Семей ақпарат Абай облысы күтуші