«Аузынан көбік аққан»: 12 жастағы баланың мәйітін тапқандар тың дерек айтты

Бүгін, 09:21 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 12 жастағы баланың мәйіті ауладан табылды. Қайғылы оқиға туралы жергілікті тұрғындар мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Куәгердің айтуынша, ол алғашында баланы ауладағы әткеншекте ойнап отыр деп ойлаған. Алайда жақындап барған кезде баланың беті көгеріп кеткенін және аузынан ақ көбік шығып жатқанын байқаған.

Оқиға куәгері бірден баланың ата-анасына хабар берген. Кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер баланың қайтыс болғанын растады.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, марқұмның денесінде қылқындыруға ұқсас белгілер байқалған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Қазіргі уақытта баланың өліміне не себеп болғаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Полиция әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Тэгтер:

қылмыс бала маңғыстау мәйіт