Сүйінші, ағайын! Теміржолға қатысты ел асыға күткен қуанышты хабар жетті

Бүгін, 10:29 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Қазақстандық жолаушылар үшін көптен күткен жаңа мүмкіндік іске қосылды. Енді пойыздардың қозғалысын нақты уақыт режимінде онлайн бақылауға болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Қазақстан темір жолы" пойыздардың қай жерде келе жатқанын карта арқылы көруге мүмкіндік беретін арнайы сервисті іске қосты. Жаңа қызмет арқылы жолаушылар вокзалға шықпай тұрып, өз пойызының қазіргі орнын, станцияларға келу және кету уақытын, сондай-ақ аялдау ұзақтығын алдын ала тексере алады.

Ол үшін tablo-railways.kz сайтына кіріп, картадан қажетті пойызды таңдау жеткілікті. Бұл әсіресе жолаушылар көп жүретін кезеңде, пойыз кешіккен кезде немесе басқа пойызға ауысып міну қажет болған жағдайда өте ыңғайлы болмақ.

Онлайн-таблоға bilet.railways.kz ресми сайты арқылы да өтуге болады. Ол үшін сайттағы "Пойыздар қозғалысының онлайн-таблосы" баннерін басу керек.

Жаңа сервис вокзалда босқа күтіп қалмауға, сапар уақытын алдын ала жоспарлауға және пойыз қозғалысын ыңғайлы бақылауға мүмкіндік береді.

Тэгтер:

пойыз онлайн