8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диасты құтқарушылар тәулік бойы іздеген Ақыры бірінің мәйіті ауыл маңынан, екіншісінің денесі 1 шақырымдай қашықтан анықталды, деп хабарлайды Arasha.kz Stan.kz сайтына сілтеп.
Нәпақа табу үшін таңғы бесте жұмысқа кеткен анасы болса перзенттерінен көз жазып қалғанына әлі де сене алар емес.
Жеті баланың анасы Айгүл Тамашеваның қаралы оқиға болар күні жұмысқа таң атпай кеткен. Артынша мүгедектігі бар күйеуі де нәпақа табуға аттаныпты. Шиттей бала-шағаға бас-көз болып әдеттегідей үйдің үлкен қызы қалған. Оның өзі жұмыстағы анасына дәрі апарып беруге шыққанда, Юсуфахмет пен Диас каналға қашып барған дейді қаралы отбасы.
Қайғылы жағдай Келес ауданындағы Ошақты каналында болған.