Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдік азаматқа тұрмысқа шықты

Бүгін, 10:48 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

"Қазатомөндіріс" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы, кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева тұрмысқа шықты. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған той суреттерінен кейін белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желі қолданушылары екі жастың үйлену тойындағы фотоларын қызу талқылап жатыр. Көпшілік қалыңдық пен күйеу жігіттің жарасымды жұп екенін айтып, олардың ерекше стиліне назар аударған.

Оқырмандар пікірінде "Халықаралық той өтті", "Өте стильді жұп", "Қалыңдық ерекше сұлу", "Соңғы уақыттағы ең әдемі дуэттердің бір" деген жылы лебіздер қалдырған.

Алтынай Жәкішеваның өзі бұған дейін өміріндегі маңызды оқиғаның қалай өткенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Оның айтуынша, ресми неке қию рәсімі Лондонда, тек жақын туыстарының қатысуымен өткен.

"9 мамырда Лондондағы ратушада отбасымыздың ортасында ресми некеміз қиылды. Жаңбыр жауады деп болжанған еді, бірақ күні бойы күн жарқырап, аспан ашық болды. Бұл күні мен ресми түрде Mrs OJ атандым", – деп жазды ол.

Алтынай Жәкішева 1999 жылы дүниеге келген. Ол Лондонда модель болып жұмыс істейді.

Айта кетейік, оның әкесі Мұхтар Жәкішев – "Қазатомөндіріс" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы. Ол аталған компанияны 1998 жылдан 2009 жылға дейін басқарған. 2010 жылы сот оны сыбайлас жемқорлық ісі бойынша айыпты деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырған еді. 2020 жылы Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Тэгтер:

әлеуметтік желі Мұхтар Жәкішев