Михаил Шайдоров 30 жас спортшыға 6 миллион теңге тарту етті

Бүгін, 16:20 / Альфия Адамбек
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыдағы №3 кешенді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға ерекше сый жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кездесу барысында спортшы жас мәнерлеп сырғанаушыларға қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға арналған сертификаттар табыстады. Жалпы саны 30 спортшының әрқайсысы 200 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

Осылайша Шайдоров жас таланттарды қолдауға жалпы көлемі 6 миллион теңге қаржы бөлді.

Желі қолданушылары спортшының бұл қадамын жоғары бағалап, оның жас буынға көрсеткен қамқорлығы мен қолдауын үлгі боларлық іс деп атап жатыр.

Тэгтер:

спорт ақша спортшы Шайдоров