2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының барлық матчы Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі. Дүбірлі доданы отандық Qazaqstan және Qazsport телеарналары трансляциялайды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әлемдік футбол мерекесі 12 маусымда басталып, финалдық ойын 20 шілдеге жоспарланған.
Жанкүйерлер матчтарды тек теледидар арқылы ғана емес, интернеттен де көре алады. Тікелей эфирлер qazaqstan.tv және qazsporttv.kz ресми сайттарында қолжетімді болады.
Турнирдің алғашқы ойыны Қазақстан уақытымен 12 маусымға қараған түні сағат 00:00-де басталады. Ашылу матчында чемпионатты ұйымдастырушы елдердің бірі Мексика құрамасы Оңтүстік Африка Республикасының командасын қабылдайды.
Осылайша, қазақстандық футбол жанкүйерлері Әлем чемпионатының барлық кездесуін отандық телеарналар мен ресми онлайн платформалар арқылы тамашалай алады.