Жасампаз патриотизм: Жаңа адамдар Мемлекеттік рәміздер күніне орай жаңа мерч топтамасын таныстырды

Бүгін, 20:18 / Arasha.kz
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік рәміздер күні — еліміздің әрбір азаматы үшін ерекше маңызға ие мереке. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін және әрқайсымыздың ел болашағына деген жауапкершілігімізді білдіреді.

Мемлекеттік Туды көтеру рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Тек нағыз отаншыл азаматтар ғана елді өркендеуге бастап, оның шекарасының беріктігін қамтамасыз етеді… Нағыз отаншыл адам көзбояушылыққа бармайды, шын патриот ел мүддесі үшін табанды еңбек етеді. Жасампаз отаншылдық дегеніміз де – осы», – деп атап өтті.

Осы ой жаңа мерч топтамасының негізіне айналды. Футболкаларда Мемлекет басшысының патриотизмді нақты құндылықтар арқылы түсіндіретін қанатты сөздері жазылған. Жасампаздық, еріктілік, жауапкершілік, қоғам игілігі үшін еңбек ету және елге жанашырлық енді тек қоғамдық құндылықтар ғана емес, Отанға деген сүйіспеншіліктің нақты көрінісі ретінде ұсынылады.

Жаңа топтама жасампаз патриотизмнің көрнекі манифесті ретінде Қазақстанның бүгінгі патриоты қандай болуы керек екенін айқын көрсетеді.

Жаңа адамдар дизайнері Адильжан Багдатов:

«Жаңа адамдар Азаматтық науқандар мен еріктілік бастамалары арқылы күн сайын қоғамдағы маңызды мәселелерді көтереді. Экология мен Каспийді сақтаудан бастап, балалар қауіпсіздігі мен құқықтық нигилизмге нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға дейінгі бағыттар бар. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі ондаған мың белсендіні патриотизм — жасампаздық пен ел алдындағы жеке жауапкершілік арқылы көрінетіні біріктіреді. Жаңа топтаманы әзірлеу барысында біз осы мағынаны жеткізуге тырыстық. Мемлекет басшысының сөздері бұл ұстанымды тура бейнелейді», – деді.

Жаңа мерч топтамасын Жаңа адамдар белсенділері еліміздің барлық өңірлерінде өтетін Азаматтық науқандарда, еріктілік акцияларында және қоғамдық іс-шараларда қолданады.

Тэгтер:

тоқаев рәміздер Жаңа адамдар топтама Жасампаз патриотизм мерч