Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының экс-басшысы ұсталды

Бүгін, 21:28 / Альфия Адамбек
Фото: Kozachkov offside

Этноауыл құрылысына қатысты аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының бұрынғы басшысы Наиль Нұров қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Kozachkov offside Telegram арнасы мәлімдеді. 

Ақпаратқа сәйкес, экс-шенеунік екі аптаға жуық уақыттан бері Астанадағы тергеу изоляторында отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, ол сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінген.

59 жастағы менеджер бұған дейін бірқатар ірі спорттық жобаларды басқарған. Ол 2011 жылғы Азия ойындары мен 2017 жылғы 2017 жылғы Жазғы Универсиада ұйымдастыру жұмыстарына қатысып, әртүрлі ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ Нұров 2024 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дайындығына жетекшілік еткен. Тергеу мәліметінше, ойындар аясында құны 500 миллион теңгеден асатын этноауыл құрылығын жүзеге асыру туралы келісім жасалып, кейін дирекция басшысы мердігерден жоба құнының 10 пайызы көлемінде «шапка» талап еткен.

Құқық қорғау органдарының болжамынша, қаражат Нұровқа қолма-қол беріліп отырған. Сонымен қатар мердігер оның жеке пайдалануына арналған металл беседканы орнатып берген.

Тергеу дерегіне сәйкес, дирекцияның бұрынғы басшысы жалпы сомасы кемінде 40 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған болуы мүмкін.

Сот күдіктіні екі ай мерзімге қамауға санкция берді. Тергеу жалғасып жатыр.

Тэгтер:

қылмыс ақша жымқыру көшпенділер