"Маскадағы адам" Димаш Құдайберген бе: Ел естімеген шындық айтылды

Бүгін, 14:38 / Arasha.kz
Arasha.kz коллажы

Қоғам белсендісі Азамат Ерғали әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілік арасында қызу талқыланып жүрген "Маскадағы адамға" қатысты өз болжамын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның пікірінше, мұқтаж жандарға қомақты қаржы беріп, қайырымдылық жасап жүрген белгісіз адамның әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген болуы мүмкін.

"Маскадағы адам – меніңше, бұл біздің Димаш Құдайберген сияқты. Ал сіздер қалай ойлайсыздар?" – деп жазды Азамат Ерғали.

Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Бірі белсендінің болжамын қолдап, белгісіз қайырымды жанның Димаш болуы ықтимал екенін жазса, енді бірі нақты дәлелсіз мұндай тұжырым жасауға асықпау керек екенін айтты.

Әзірге “Маскадағы адамның” кім екені ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен оның мұқтаж жандарға көрсетіп жүрген көмегі мен қайырымдылық әрекеттері көпшіліктің назарын аударып отыр.

Желі қолданушылары белгісіз қайырымды адамның кім екенін анықтауға тырысып, әртүрлі болжам айтуда. Алайда көпшілік үшін ең маңыздысы – оның аты-жөні емес, қиын жағдайда қалған адамдарға шынайы көмек көрсетіп жүргені.

Тэгтер:

Димаш Құдайберген