Қазақстанда жарияланған амнистия аясында шамамен 16 500 адамға жеңілдік жасалмақ, деп хабарлайды Arasha.kz.
Олардың қатарында алғаш рет қылмыс жасағандар, әлеуметтік осал топ өкілдері және ауыр емес құқық бұзушылық жасаған азаматтар бар.
Тергеу сатысында тұрған 1 200 адамның қылмыстық қудалауы тоқтатылуы мүмкін.
10 мыңнан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылады.
Кейбір сотталғандар мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы ықтимал.
Сондай-ақ Сенат отырысында сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған түзетулер қаралды. Депутаттар сайлау процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға арналған нормаларды талқылады.