69 жастағы ер адам автобуста хиджабтағы жас қызға тиісті (ВИДЕО)

Бүгін, 13:38 / Альфия Адамбек
Коллаж: Arasha.kz

Бішкекте автобус жолаушысының әрекеті қоғам талқысына түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бішкекте қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған жолаушыға қатысты орынсыз әрекет жасаған ер адам ұсталды. Бұл туралы Первомай аудандық ішкі істер басқармасы хабарлады.

Оқиғаға қатысты видео 11 мамыр күні әлеуметтік желілерде тараған. Кадрларда ер адамның жасөспірім қыздың жеке кеңістігін бұзып, оған қолайсыз жағдай туғызғаны байқалады. Оқиға куәгерінің ескертуінен кейін ол өз әрекетін тоқтатқан.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 1957 жылы туған А.Ж. болып шыққан.

Ер адамға қатысты Қырғыз Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Ұсақ бұзақылық» бабымен хаттама толтырылды.

Кейін ол Республикалық психикалық денсаулық орталығына жатқызылған. Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Тэгтер:

автобус қырғыз қыз қария