Желіде Қызылорда облысында бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткен 6 жастағы Медина Мұратбекқызының денесі Әйтек су торабынан ағыспен төмен қарай 30 шақырым жерден табылды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Arasha.kz MadeniPortal.kz сайтына сілтеп.
Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, қыз баланың денесі Сырдария өзенінен табылған. Құтқарушылар мәйітті су айдынынан шығарып алған.
Еске салайық, Медина 5 маусым күні кешкі уақытта Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің жағалауына жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Осыдан кейін өңірде ауқымды іздеу операциясы басталған еді.
Іздеу жұмыстарына дрондар, қызметтік иттер, қайықтар мен сүңгуірлер тартылды. Мамандар өзен бойын, жағалауды және оған іргелес аумақтарды бірнеше тәулік бойы тексерді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Ресми ақпарат жарияланған жағдайда толықтырылатын болады.