Алматыдағылардың шырқын бұзған жасөспірімдер енді Астанаға барған (ВИДЕО)

Бүгін, 16:10 / Альфия Адамбек
Фото: Видеодан кадр

Алматыда жұртшылықтың наразылығын тудырған атышулы жасөспірімдер тобының енді Астанада жүргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары оларды елорда көшелері мен қоғамдық көліктерден көргендерін айтып, түрлі жазбалар жариялап жатыр.

Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, көпшіліктің сынына ұшырады. Себебі бұған дейін жауапты органдар тәртіп бұзған жасөспірімдерге қатысты шара қолданылып, олар ел аумағынан шығарылатынын мәлімдеген болатын. Алайда тұрғындардың айтуынша, жасөспірімдер жазадан құтылып, басқа қалада еркін жүр.

Желі қолданушылары мұндай жағдай құқық қорғау органдарының жұмысына деген сенімге кері әсер етіп, олардың беделіне нұқсан келтіретінін айтуда. Әзірге бұл мәселеге қатысты құзырлы органдар ресми пікір білдірген жоқ.

Тэгтер:

алматы қылмыс Астана жасөспірім